Ақмолада ер адамның жинаған ақшасын жұмыссыз баласы ұрлаған болып шықты
Сурет: Zakon.kz
Қазіргі уақытта жәбірленуші ұлын кешіріп, полицияға жазған арызын қайтарып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 мамырда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан шағым келіп түсті. Ол протез аламын деп жинап, үйде тыққан 600 мың теңгесі ұрланғанын айтып, оны тауып беруді өтінді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, жәбірленушінің 54 жастағы жұмыссыз баласының ақшаны пайдаланғаны анықталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Іздестіру іс-шаралары барысында полиция мен еріктілер Бурабай ауданының аумағында жәбірленушінің ұлының тұрған жерін анықтады. Ер адам әкесінің қаражатын өз қажеттіліктеріне жұмсағанын мойындады.
Қазіргі уақытта жәбірленуші ұлын кешіріп, берген арызын қайтарып алды, делінген ведомства хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript