Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Шанхан ынтымақтасты ұйымының бас хатшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 15:05 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Минді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту сияқты басым бағыттар бойынша Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымымен арадағы ықпалдастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Қазақстан Қазақстан президенті, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2022 15:05

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Чжан Минге ілтипат білдіре отырып, оның ШЫҰ-ның Бас хатшысы қызметіне геосаяси ахуалдың күрделі жағдайында, яғни Ұйымның ерекше рөл атқаратын кезінде кіріскенін атап өтті.

Қазақстан – Шанхай ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшесі. ШЫҰ-ның Бішкекте өткен саммитінде сөйлеген сөзімде оның халықаралық аренадағы ұйымдардың ішіндегі ең табыстысы екенін атап өттім.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы ШЫҰ-ның кең ауқымды проблемаларды қамтитын күн тәртібінің бірегейлігіне баса мән берді.

ШЫҰ, шын мәнінде, қайшылық туғызатын ұйым емес. Оның қызметі конструктивтілікке, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бұл Ұйым халықаралық жағдайды жақсартуға зор үлес қосуды көздейді. Сондықтан Қазақстан ШЫҰ-ның жұмысына белсенді қатыса береді және оның әлеуетін нығайтуға өзінің елеулі үлесін қосады.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Чжан Мин ШЫҰ-ға мүше басқа да мемлекеттердің көшбасшыларымен бірге өзін Ұйымның Бас хатшысы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Дипломат Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы жетістіктерін, Президенттің басшылығымен іске асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады. Чжан Мин Ұйымның әлеуетін арттыруға еліміздің қосқан елеулі үлесін және оны дамытуға белсенді атсалысатынын айтты.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: