Республикалық референдумда 8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Сайлау учаскесі Референдум-2022 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда Конституцияға түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша өткен референдум аяқталды. Оған барлығы 8 миллионнан астам қазақстандық қатысты. Бұл туралы брифингте Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алды.

Орталық референдум комиссиясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00-де еліміздің барлық учаскелерінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталды. Шетелдегі ҚР өкілдіктерінің жанындағы 40 учаскеде дауыс беру әлі жалғасуда. Алдын ала жеткен шұғыл деректерге сүйенсек, еліміз бойынша 8 миллионнан астам сайлаушы немесе дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68, 44%- ы дауыс берді. Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман

Өңірлер бойынша сағат 22:00-дегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіші мынандай:

  • Ақмола облысы - 73,81 %

  • Ақтөбе облысы - 58,06 %

  • Алматы облысы - 72,83 %

  • Атырау облысы - 67,68 %

  • Батыс Қазақстан облысы - 69,37 %

  • Жамбыл облысы - 69,59 %

  • Қарағанды облысы - 77,39 %

  • Қостанай облысы - 72,28 %

  • Қызылорда облысы - 79,89 %

  • Маңғыстау облысы - 61,19 %

  • Павлодар облысы - 75,53 %

  • Солтүстік Қазақстан облысы - 75,49 %

  • Түркістан облысы - 80,66 %

  • Шығыс Қазақстан облысы - 77,49 %

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 57,06 %

  • Алматы қаласы - 33,30 %

  • Шымкент қаласы - 72,53 %.

    Референдумда барлығы 11,7 миллионнан астам азамат дауыс бере алды.

    Мұхтар Ерманның айтуынша, референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті.

    Біз ертең аумақтық комиссиялардан хаттамалар күтеміз. Олар бізге электронды түрде келіп түседі. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары арнайы брифингте айтылады, оның уақыты қосымша жарияланатын болады. Мұхтар Ерман
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз