Жаңалықтар тізбегі
0

Референдумға азаматтардың қатысу деңгейі әлеуметтанушылардың болжамдарын растады

Әлеуметтік зерттеу болжамдары, референдумға қатысу көрсеткіші, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2022 23:38 Сурет: Zakon.kz
Референдумға ел азаматтарының қатысу нәтижесі әлеуметтанушылардың болжамдарын растады, тіпті сәл асып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы еліміздегі ғылыми зерттеу институттарының өкілдері мәлімдеді.

Елорда уақыты бойынша сағат 22-00-де дауыс беру құқығы бар азаматтардың 70%-ға жуығы өз мүмкіндігін пайдаланды. Біздің ҚҒЗИ-дың әлеуметтік зерттеулерінде 66,4% нәтиже болады деп есептегенбіз. Нәтиже сай келді десек те болады, тіпті біздің болжамнан сәл болса да асып түсті. Демек, біздің қоғам осы арқылы Президентке және оның Қазақстанды өзгертудегі бастамаларына сенім артатынын аңғаруға болады. Енді өткен 30 жыл бойғы тәжірибені талдап, қателіктерді қайталамай, Отанымыздың дамуы үшін жоғары және нақты мақсаттар қоя отырып, алға жылжитын уақыты келді. Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Қазақстанның қоғамдық даму институтының өкілі де осы пікірді нақтылайды.

68,44%! Референдумға халықтың қатысу деңгейі әлеуметтанушылардың болжамдарын растады, тіпті сәл асып түсті! Қоғамдық пікір көп жағдайда позитивті сипатқа ие. Өңірлерде көрініс әртүрлі, алақұла, дегенмен көптеген жыл ішінде алғаш рет халықтың шын мәнінде біртұтастық танытып, Президенттің бағдарламалары мен жоспарларына деген сенімді және жақсы өмірден үмітті екенін көрсетті. Бұл тек бастамасы ғана, алда қазақстандық қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірінің барлық бағыттары бойынша көптеген күрделі және ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Референдум өтті! Енді дауыс беру нәтижелерін күтеміз! Ләззат Нұрқатова, "ҚҚДИ" ҰАҚ Стратегиялық талдау тобының жетекшісі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: