Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогында екінші орын алды

Австрияның Граце қаласында дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогы өтті. Бұл жарыста қазақстандық дзюдошылар алты медаль жеңіп алды: екі алтын, екі күміс және екі қола, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңіс тұғырының ең биік сатысына Нұрқанат Серікбаев (60 келі) пен Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) көтерілді.
Мерей Марханбетов (60 келі) пен Аида Тойшыбекова (78 келі) Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды.
Максим Мейірлан (81 келі) пен Есмигүл Куюлова (63 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Сурет: Instagram/kaz_judoteam
Бөлісу
0
Толық оқу