Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміз жаңа егінге дейін астықпен толық қамтамасыз етілді – Смайылов

Әлихан Смаилов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 11:38 Сурет: primeminister.kz
Үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен егіс науқанын өткізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның барысы туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, қазір дәнді дақылдарды егу Ақтөбе (97,7%) және Батыс Қазақстан (86,2%) облыстарынан басқа барлық облыстарда аяқталды. Аталған өңірлерде қатты жауын-шашынға байланысты егіс жұмысы кейінге қалдырылды, оларды аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Мысалы, жаздық дақылдар 19,8 млн га немесе белгіленген жоспардан 100,2%, картоп 189,6 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 269,2 мың га, көпжылдық шөптер 429,6 мың га алқапқа себілді. 3,1 млн га майлы дақылдар, 12,3 мың га қант қызылшасы, 121,1 мың га мақта егілді. Елдің жалпы егіс алаңы 23,1 млн га құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың га артық.

Сонымен қатар жүргізіліп жатқан егіс алқаптарын әртараптандыруға және дара дақылды егістен кету жұмысына сәйкес, астық алқаптары 285,5 мың га қысқартылды. Майлы дақылдар 24,9 мың га, картоп 2,4 мың га, көкөніс 1,7 мың га және жем-шөп дақылдары 448,1 мың га өскені байқалады.

Баяндамашыларды тыңдаған Әлихан Смайылов Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажет шешімді қабылдағанын айтты.

Атап айтқанда, фермерлерді қолдау мақсатында бюджеттік кредиттің жалпы сомасы 140 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу арқылы қаржыландыру екі есеге, яғни 80 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Жалпы АӨК саласын қаржыландыруға бюджетті нақтылау кезінде қосымша 298 млрд теңге бөлінді.

Одан бөлек, дизель отынының қажетті көлемі нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен жеткізілді, отандық өндірушілерден алынатын минералдық тыңайтқыштардың бағасы төмендетілді. Үкімет басшысының айтуынша, былтыр құрғақшылық болғанына қарамастан, бидайға деге ішкі қажеттілік толығымен қамтамасыз етілді.

Экспорттық міндеттемелерді орындап, қажетті қор жинап алдық. Биыл жаңа өнімді жинап алғанша, елімізде жеткілікті астық қоры бар, — деді ҚР премьер-министрі.

Бұл орайда БҰҰ-ның наурыздағы бюллетеніне сәйкес, Қазақстанда биыл астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек. 18-19 млн тонна астық жиналса, ішкі қажеттілік шамамен 8 млн тоннаны құрайды. Тіпті қолайсыз ауа-райы мен жиналатын өнімнің болжамы нашар болған күннің өзінде Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жалпы Әлихан Смайлов тиісті мемлекеттік органдардың алдына бірқатар міндет қойды:

  • Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдау, агроғылымды дамыту, елдің климатына сай келетін, құрғақшылыққа төзімді, түсімі жоғары сорттарды жасап шығару шараларын қабылдау керек;

  • Мол өнім алуға мүмкіндік беретін агротехнологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстау керек;

  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеткізуге алдын ала келісімшарттар жасау қамтамасыз етілуі тиіс;

  • АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру үшін жоспарланып отырған өзгерістерді бизнес қоғамдастықпен егжей-тегжейлі талқылау керек;

  • «Азық-түлік келісімшарт корпорациясына» форвардтық шарттар аясында астық көлемін уақытылы жеткізу бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің міндеттемелерінің сақталуын қамтамасыз ету керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: