Жаңалықтар тізбегі
0

Балаларға қатысты кибербуллинг туралы өтінімді арнайы сараптама тобы қарайды

ҚР Ақпарат министрлігі, кибербуллинг, кибербуллингті қарайтын сараптама тобы, сараптама тобы, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2022 11:59 Сурет: pixabay
Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі балаға қатысты кибербуллинг фактілерін және өтінштерді қарайтын Сараптама тобын құру ережесінің жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сараптама тобы Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі (уәкілетті орган) жанынан құрылады.

Сараптама тобының негізгі міндеттері:

  1. балаға қатысты кибербуллинг туралы өтініштерді қарау және мәлімдемелерде көрсетілген кибербуллинг фактілерін құқықтық бағалауды жүзеге асыру;

  2. кибербуллинг фактілерінің болуы немесе болмауы туралы шешім шығару.

Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған кезде азамат не баланың заңды өкілі осы  Ереженің қосымшасына сәйкес балаға қатысты кибербуллинг фактілері бар интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалатын кибербуллинг фактілері туралы жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында уәкілетті органға өтініш береді.

Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде жауап береді.

Сұратылған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартады, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабарланады.

Егер өтініштің мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалатын интернет-ресурс көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.

Азамат не баланың заңды өкілі өтінішті қараудан бас тартқан кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Құжат 20 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: