Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бір деңгейде қалдыру себебін түсіндірді

деньги, доллар, тенге Сурет: Zakon.kz
6 маусымда Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 14% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. ҚҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, бұл шешім болжамды раундтың нәтижесіне негізделген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайдың одан әрі дамуына қатысты болжамдарды жаңарттық. Ұлттық банк осы жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 13-15% деңгейінде қалыптасады деп күтеді. Сыртқы және ішкі нарықтардағы баға динамикасын ескерсек, азық-түлік өнімдері бойынша бағада біршама өсім болатыны болжанып отыр, – деді ол.

Ғалымжан Пірматов атап өткендей, болжам үкіметтің тұтыну нарықтарын теңгерімді дамытуға бағытталған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды ескере отырып жасалған. Осы шаралар кешені сәтті жүзеге асса, инфляция болжамның төменгі шегіне дейін төмендеуі мүмкін.

Инфляция үшін тәуекелдер көп жағдайда инфляцияның жаһандық жеделдеуіне, әлемдегі геосаяси жағдай аясындағы белгісіздікке және сыртқы инфляцияның импортына байланысты. Инфляцияны жеделдетудің ықтимал ішкі факторлары көбіне жұмсақ фискалдық саясатты сақтауға, жоғары инфляциялық болжамға, сонымен қатар реттелетін қызметтер бағасының өсуіне мораторий аяқталғаннан кейін ақылы қызметтер инфляциясын жеделдету ықтималдығына байланысты, – деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы.

ҚҰБ ұсынған болжамдарға сай, 2022 жылы экономика өсімі 2,8-3,8% болады. Бұл жыл соңына дейін барлық негізгі саланың оң серпінін сақтауды бағалауға байланысты. Алайда геосаяси дағдарыс, сыртқы сұраныстың төмендеуі және жеткізілімдер тізбегін қайта құру экономиканың өсу қарқынын тежейді.

Ғалымжан Пірматов аталған факторларды және инфляциялық тәуекелдердің тепе-теңдігін ескере отырып, реттеуші жаңа күйзелістер көрініс таппаған жағдайда базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейін сақтау орта мерзімді перспективада бағаның өсуін тежейді деп санайтынын жеткізді.

Ұлттық банк әлемдік нарықтардағы жағдайды, геосаяси дағдарыстың дамуын және инфляцияға қарсы тәуекелдердің жүзеге асырылуын бақылауды жалғастырады. Базалық мөлшерлеме бойынша одан әрі шешімдер инфляцияның нақты динамикасының болжамды траекторияға сәйкестігіне, сыртқы ортадағы және ішкі экономикадағы туындайтын тәуекелдердің теңгеріміне қарай қабылданады, – деп қорытындылады Ғалымжан Пірматов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз