Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында қыз баланы ит талады: оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау, ит, қабаған ит, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2022 11:58 Сурет: pixabay
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жеті жасар қызды көршісінің екі бірдей иті талап тастады, қыз қазір ауыр жарақаттармен ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде қызды талаған алабайдың видеосы жарияланды. Оны қыздың әкесі түсірген. Қызға бір емес, бірден екі алабай шабуыл жасағаны белгілі болды. Бейнежазбада иттердің біреуін ғана көруге болады, екінші ит қайда екені белгісіз.

Қыздың әкесінің айтуынша, 5 маусым күні кешкі алты мен сегіз шамасында екі қызды көршісінің екі иті талаған. Көршісі итке тамақ берген соң, қақпаны ішінен ілмеген, иттер аулада бос жүрген. Жеті жасар үлкен қызын сіңілісінің көзінше екі ит әбден талаған.

Қызымның жағдайы өте ауыр. Қазір ауруханада жатыр. Қақпаның алдында екі ит қызды әбден талаған. Бұл жақта екі ит болу керек. Мен қазір біреуін ғана көріп тұрмын.Қыздың әкесі

Иттер қыздың бетін, арқасын, жамбасын қауып алған. Бетіндегі жарасы терең болғандықтан, дәрігерлер бетін тігуге мәжбүр болды.

Туыстарының айтуынша, бала қатты шошып қалған.

Талғар ауданының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабының 3-бөлігі (Абайсызда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Олар иттің иесі 57 жастағы жергілікті тұрғын екенін айтты.

Ол иттерді қоршауда ұстайтынын, аулаға оларды тамақтандыру және серуендету үшін жібергенін айтты. Сол кезде жартылай ашық қақпадан екі алабай сыртқа атып шығып, балаға тап берген. Әйел зардап шеккен қызды емдеуге көмектесуге дайын екенін жеткізді. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция департаментінің баспасөз қызметі барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сараптамалық тексерулер тағайындалды, олар бала ауруханадан шыққаннан кейін жүргізіледі. Сараптамалардың қорытындысына сәйкес іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады.Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Еске салсақ, 5 маусым күні Алматы облысында жеті жасар қызды көршісінің иті талады.

Ит иесі зардап шеккен баланың еміне деп 30 мың теңге берген. Алайда ата-анасы қабаған иттің иесінің немқұрайлылығы үшін жазаны күшейтуді және пластикалық операцияға ақша тауып беруін талап етті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: