Жаңалықтар тізбегі
0

Диетолог ерте піскен қарбыздың зиян екенін ескертті

қарбыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 13:07 Сурет: unsplash
Маусым айында қарбыз жеу қауіпті. Себебі ерте піскен қарбызда өсу стимуляторлары болады, ол адам ағзасына зиян болуы мүмкін. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдер сақ болғаны жөн, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шынында да, қазір қарбыз маусымы емес. Ерте піскендерінің бәрі өсу стимуляторларын қолдану арқылы өсірілетінін түсінуіміз керек. Олар әдетте – селитра. Осыған байланысты қарбыз құрамында нитриттерге айналатын нитраттардың көп мөлшері болғаны үшін қауіпті. Олар гемоглобинді белсенді емес түрге айналдырады. Осылайша жасушалардың тыныс алуы бұзылады, тіндер мен органдар гипоксияға ұшырайды.Диетолог Елена Соломатина

Сарапшы жақсы қарбызды сыртқы түрі бойынша нитратты қарбыздан қалай ажыратуға болатынын айтып берді, деп жазады «Вечерняя Москва».

Қауіпті қарбызды сыртқы түріне қарап анықтау оңай. Мұндай жемістің ақ немесе сары жолақтары болады. Сосын іші онша тәтті бола қоймайды. Сонымен қатар қарбыздың түсіне назар аударып әуре болмаңыз, өйткені қарбызды бояуға болады.Елена Соломатина

Диетолог маусымдық қарбыздың пайдасы көп екенін баса айтты. Дегенмен өлшемді біліп, артық тамақтанбау керек.

Қарбыз негізінен судан тұрады. Дене оны сіңіру үшін көп энергияны қажет етпейді. Ол шөлді жақсы басады және жазғы аптапта сусызданудың алдын алады. Сонымен қатар қарбызда калий көп, ол несепті жақсы айдайды. Ол ағзаны шайып, бүйрек пен өтке жақсы әсер етеді.Елена Соломатина

Сонымен қатар қарбызда магнийдің жеткілікті мөлшері бар. Ол қан тамырларын босаңсытады, қан қысымын төмендетеді және спазмды жеңілдетеді.

Жаңалықтарды дәрігердің рецептімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: