Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

ҚР Президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2022 12:28 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады.

Дәулет Оспанов 1970 жылы 24 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

1992 жылы Рязань жоғары эскери командалық байланыс училищесін, 2000 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясын тәмамдаған.

1988-1992 жылдары Рязань ЖӘКБУ тыңдаушысы болды. Генерал-майор.

Еңбек жолы:

  • 1992-1998 жылдары Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі – байланыс бастығы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары – штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі.

  • 1998-2008 жылдары ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығынын (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары – жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары – штаб бастығы, бригада командирі.

  • 2008-2010 жылдары ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары – қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық басқармасының бастығы.

  • 2010 жылдың сәуірінен ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы.

  • 2013 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қарушы күштерініңқұрлық әскерлері аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы.

  • 2015 жылы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы;

  • 2017 жыл – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы;

  • 2018 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) – Қарулы күштер құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы

    Еске салсақ, бұған дейін бұл қызметті Нұрлан Алдияров атқарып келді.

    Мемлекет басшысының өкімімен 9 маусым күні Нұрлан Алдияров «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: