Ақтөбеде құрылыс алаңынан 12 жастағы баланың мәйіті табылды

Ақтөбе, бала, жануар, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 14:26 Сурет: pixabay
Ақтөбеде жаңа салынып жатқан нысанның аумағынан көптеген жарақаттары бар 12 жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
9 маусымда Есет батыр тұрғын алабындағы №3 ықшамаудандағы салынып жатқан нысандардың бірінің аумағынан 12 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Алдын-ала болжам бойынша жануардың талауынан зорлық-зомбылық белгілері (қансырау, басындағы, кеудесіндегі, аяқ-қолдарындағы көптеген жарақаттар) бар кәмелетке толмаған баланың табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметі

Ведомствода аталған факті бойынша бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: