Жаңалықтар тізбегі
0

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды

студенттер, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2022 18:26 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 15 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, үміткерлердің тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпаратты үміткер өзінің жеке кабинетінен біле алады. Ал кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында болады.

Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады: шет тілі, оқуға дайындықты анықтау және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Оған 4 сағат беріледі. Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен ​​тест тапсырудан босатылады, – деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Талапкерлерге магистратураға түсу үшін білім беру бағыттарының сәйкестігін анықтау бойынша нұсқаулықтар енгізілді. Бұл білім беру бағдарламаларының сабақтастығын, үздіксіздігін сақтау және бакалавриат мамандарын даярлау сапасын арттыру үшін қажет. Сондықтан белгілі бір білім беру бағдарламасына құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясымен кешенді тестілеудің форматы және таңдалған білім беру бағдарламасы тобының талапкер алған мамандыққа сәйкестігі туралы кеңесуі қажет. Кеңесті университеттің виртуалды қабылдау комиссиясынан да алуға болады.

Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға түсу үшін – 50 балл.

Кешенді тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін апелляцияға өтініш бере алады.

Айта кетейік, 2022-2023 оқу жылында магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: