Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан бірқатар халықаралық келісімдерді ратификациялады

Жарлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2022 11:17 Сурет: akorda.kz
Халықаралық құжаттарда Қытаймен арада радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қырғызстанға әскери техникалық жәрдем көрсету және Арменияға бажсыз мұнай өнімдерін жеткізу мәселелері қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір халықаралық келісімдерді ратификациялайтын бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан мен Қытай радиоактивті қалдықтардың заңсыз импортымен бірге күреседі

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Келісім мемлекеттер аумағына әкелуге тыйым салынған ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды әкелуге жол бермеуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған.

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық  жәрдем  көрсету  туралы  келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

"Қазақстан тарапы мүлікті Қырғызстанның Қойташ елдімекеніне дейін автокөлікпен жеткізеді. Шығынды өзі көтереді. Қырғызстан тарапы алған мүлікті тек қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пайдалана алады, үшінші тарапқа бермейді. ТМД қатысушы мемлекеттерге қарсы қолданбайды. Орталық Азияға іргелес аумақта шиеленіс болғанда, өңірлік қауіпсіздікке сын-қатер төнген жағдайда әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан қарулы күштерінің оған тойбарыс беруіне, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді", - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов 26 мамырдағы Сенат отырысында.

Әскери мүлік тізімі анықталды, ол дипломатиялық арна арқылы келісілді. Оның ішінде қару-жарақ, оқ-дәрі, бақылау және барлау жабдықтары бар.

Қазақстан-Армения: мұнай өнімдерін жеткізу

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ұлттық қауіпсіздікті және ішкі нарықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында форс-мажорлық мән-жайларда, индикативтік баланстармен бекітілген көлемдерден асқан жағдайда, сондай-ақ Армения қазақстандық мұнай өнімдерін өз аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне әкетуге тыйым салу жөніндегі міндеттемелерін бұзса Қазақстан Арменияға мұнай өнімдерін бажсыз жеткізуді біржақты тәртіппен тоқтата немесе шектей алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: