Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің тапшылығы артты

дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2022 18:17 Сурет: pixabay
Есеп комитеті Экономиканың нақты секторының аудит департаменті директорының орынбасары Нұрлан Қатренов кейінгі бес жылда медицина кадрларының тапшылығы екі есе артқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеріс қорытындысы бойынша бірқатар жүйелі мәселелер мен кемшіліктер анықталды. Біріншісі – медициналық кадрлар тапшылығының артуы. Кейінгі бес жылда (2017 жылдан 2021 жылға дейін) тапшылық 10 мыңнан 23 000-ға дейін екі есе өсті. Бүгінде тапшылықты жабу посттарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Қазір жиынтық комбинация коэффициенті 1,5-тен екі ставкаға дейін өзгеріп отыр. Осының барлығы медицина мамандарына үлкен салмақ түсіреді.Есеп комитеті Экономиканың нақты секторының аудиті департаменті директорының орынбасары Нұрлан Қатренов

Бұл ретте ол дәрігерлерге қатысты шағымдардың көбейіп, медициналық білімі бар мамандардың шетелге кетуіне тоқталды. Катреновтың айтуынша, кейінгі бес жылда шетелге кеткен медицина мамандарының саны 5 мыңға жеткен.

Сонымен қатар ол медициналық білімі бар мамандардың қартаюына да тоқталды. Бүгінде зейнет жасындағы дәрігерлердің кәсіби белсенді саны шамамен 30%-ға жетті.

Бұған дейін Нұрлан Қатренов Қазақстанда дәрігерлерге деген сенімнің төмендегенін айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: