«Жұмыс азайған жоқ»: Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігін қайта құру туралы айтты

Асхат Аймағамбетов Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігін қайта құру туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұмыс азаймады. Біз 7 миллион адамға жауапты болсақ, қазір 6,3 миллион адамға жауаптымыз. 7500 мектепте 3,6 миллион бала оқиды, 1 миллионға жуық бала балабақшаларға барады, 800-ге жуық колледждер мен қосымша білім беру мекемелері бар. Біз де балалардың құқығымен айналысамыз, кәмелетке толмағандар үшін жауаптымыз.Асхат Аймағамбетов

Сонымен қатар журналистер министрден Білім министрлігі екі басқармаға бөлінгеннен кейін жалақысы қысқартылды ма деген сауал қойды.

Үкімет бекіткен жалақысы бар. Бұл барлық министрлік пен мемлекеттік органға бірдей, – деп жауап берді Оқу-ағарту министрі.

Еске сала кетейік, 1 маусымда Ұлттық ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлу туралы ұсыныс айтқан еді.

11 маусымда Білім және ғылым министрлігін Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі болып қайта құру туралы қаулыға қол қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз