Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан фильмі Ресейдегі кинотеатрлардан көрсетіледі

«Патриоттар уақыты» фильмі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 13:46 Сурет: кадр «Патриоттар уақыты» фильмінен
Режиссер Серікбол Өтепбергенов түсірген отандық «Патриоттар уақыты» фильмі Ресей кинотеатрларында көрсетіледі. Көрші елдегі ірі дистрибьютор 800 данасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік прокатта картина 16 маусымнан бастап көрсетілетіні белгілі болды. Ал Қазақстанда бұл фильм 28 сәуірден бастап көрсетілген.

Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген «Патриоттар уақыты» фильмі әскери отбасынан шыққан ағайынды екі адамның өмірін баяндайды. Әкесі қызмет бабында қайтыс болғанымен ағайындының екеуі де оның жолын жалғастырды. Ағасы барлауды таңдаса, кішісі истребитель ұшқышы болды. Дегенмен олардың қарым-қатынасы шиеленісіп қалған еді. Бірақ ірі лаңкестік жоспардың алдын алу арқылы екеуінің қарым-қатынасы дұрыстала бастайды.

Фильмде басты рөлдерде Санұржан Сүлейменов пен Данияр Алшынов ойнаған. Сонымен қатар картинада Дәстен Шәкіров, Зарина Хаджиметова, Асқар Ілиясов, Саят Исембаев және тағы басқалары бар.

Фильм былтыр түсірілген. Фильмде көрермен Қазақстанның көрікті жерлерін – Бозжыра трассасын, Каспий теңізін, Іле Алатауының қар басқан бөктерін көреді. Сонымен қатар материалдың бір бөлігі шетелде: Түркия мен Әзірбайжанда түсірілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: