Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев қаңтар оқиғасы туралы: Адам өлтіргендерді батырға балаудың қажеті жоқ

Қазақстан президенті, қаңтар оқиғасы, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2022 16:56 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасының тергелу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз бұл – мемлекеттік төңкеріс әрекеті, Қазақстанның саяси жүйесіне жасалған шабуыл, сондай-ақ мемлекет басшысын қызметінен кетіру әрекеті деген ұстанымдамыз. Жағдайдың өзін тәжірибелі мамандар жақсы ұйымдастырды. Олар адамдарды әкімшілік ғимараттарға апарды. Айта кету керек, осы қайғылы оқиғалар кезінде 3000-ға жуық қару ұрланса, бүгінге дейін 1600-ге жуық қару табылды. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент қазіргі уақытта басқа қару-жарақтарды іздеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Тергеу жалғасуда, ол өте мұқият, бірақ сонымен бірге үлкен қиындықтармен жүріп жатыр. Өйткені, бұл іс-шараларды ұйымдастырушылар мен үйлестірушілер өздерін кәсіби түрде ұстанғаны сонша, олар өте маңызды іздерді жасыра алды. Дегенмен, ведомствоаралық арнайы топ осы төңкеріс әрекетінің барлық жай-жапсарын ашу үшін қызу жұмыс істеп жатыр. Мына фактіге назар аударыңыз, арнайы топ Алматыдағы барлық бақылау камераларын жоюмен айналысқан. Және олар мұны өте кәсіби түрде жасаған. Қазақстан президенті

Тоқаев «Алматыға жасалған шабуылдың өзі қатыгездік болғанын» атап өтті.

Адамдар қатыгездікпен азапталды. Дәрігерлер, қарапайым азаматтар зардап шекті. Үлкен базарлардан, шағын базардан келген қарақшылар көп болды. Екі негізгі әкімшілік ғимараттың – Алматы әкімдігі мен президент резиденциясының өртенгенін айтпай-ақ қояйын. Оның үстіне президент резиденциясы енді қалпына келтіруге жатпайды, ол жай ғана саябақ болады. Мен осындай шешім қабылдадым. Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент қазіргі уақытта 26 адамға ғана үкім шыққанын айтты.

Оның үстіне кісі өлтірумен, тонаумен айналысып, шын мәнінде мемлекет негізіне қарсы шыққандарды ұлт қаһарманына айналдырудың қажеті жоқ. Соған қарамастан, біз қажет жағдайда мейірімділік танытып, адамдарды туыстарының өтініші бойынша босатып жатырмыз, дегенмен, әрине, қылмыстық істер қозғалып жатыр. Қазіргі уақытта тек 26 адамға нақты үкім шықты. Қалған істер тергеліп жатыр. Трагежия ауқымы зор, әрине, мұның барлығын қысқа мерзімде шешу өте қиын, – деп түйіндеді ойын Тоқаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: