Спортқа қайта оралған Хамитов алғашқы жекпе-жегін қай жерде өткізгісі келетінін айтты

Аралас жекпе-жек Сурет: Instagram/ kuat__khamitov
Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитов спортқа қайта оралғанын мәлімдеді. Ол өзінің алғашқы жекпе-жегін өз Отанында өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортқа оралатыны туралы мәлімдемесінен кейін 34 жастағы Хамитов (21-8) Fight Nights Global басшысы Камил Гаджиевтен 32 жастағы ресейлік Алексей Махномен (25-8) жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс алды.

Өз Instagram-да Хамитов Гаджиевке Махномен Қазақстанда кездескісі келетінін айтты.

@Fightnights және @kamilgadzhiev, менің спортқа қайта оралуымды білдіретін бұл жекпе-жектің Қазақстанда, менің Отанымда өткенін қалаймын! Өйткені, менің ойымша, бұл сәт маған үлкен мотивация береді. ММА споршысы Қуат Хамитов

Жекпе-жектің өтетін күні туралы әлі ақпарат берілген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз