Жаңалықтар тізбегі
0

Президент Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды

құрылтай, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 16:59 Сурет: Президенттің БОРТ N1 каналы
Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыру жөніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біз Жаңа цифрлық технологияның мүмкіндігін кеңінен пайдалануымыз қажет. Сонда мемлекет пен халықтың қарым-қатынасы барынша тиімді болмақ. Мен Qurultay деген арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынамын. Сол арқылы халық елді жаңғырту туралы ой-пікірін онлайн режимде айта алады. Жұрт реформаның нақты пайдасын көруі қажет. Сонымен қатар оған тікелей қатысуға мүмкіндігі болуы керек. Азаматтар өзекті мәселелер бойынша интерактивті сауалнамаға қатысады. Кез-келген түйткілді шешу жолын ұсынып, елімізді жаңғыртуға өз үлесін қоса алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент еліміздің әр азаматы ортақ іске атсалысуы үшін ұлттық құрылтайдың электрон нұсқасын жасауды ұсынды. Оның сөзінше мұндай тәсілдер ифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформаның негізін қалайды.

Қайырымдылық істерді үйлестіретін түсінікті әрі тиімді электронды сервисті іске қосуға болады. Мұның бәрі цифрлық демократияны дамытатын технологиялық платформаның негізін қалайды. Дамыған мемлекеттер осыған ұмтылып жатыр. Біз ғаламдық өркениеттің көшінен қалып қоймауымыз қажет. Ұлттық құрылтайдың электронды нұсқасын жасаған жөн. Сонда әрбір азаматымыз ортақ іске атсалысады.Мемлекет басшысы

Президенттің сөзінше, құрылтайға қанша адам кірсе де, қоғамды толық қамти алмайды деген пікір айтылып жүр. Бірақ Тоқаев құрылтай мүшелерін көбейткеннен пайда бола қоймайтынын айтты.

Құрылтай мүшелерін көбейте берсек, одан пайда болмайды. Бұдан жұмыстың берекесі қашып, ұйымдастыру ісі қиындап кетуі мүмкін. Құрылтай – белгілі бір адамдар ғана бас қосатын жер емес. Ол шын мәнінде, жалпыұлттық жиынға айналуы керек. Бұл – өте маңызды міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының бастамасымен жаңадан құрылған Ұлытау облысында Ұлттық құрылтай өтіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: