Жаңалықтар тізбегі
0

300-ге жуық судья жетіспейді: Тоқаев заңгерлерді әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2022 17:15 Сурет: freepik
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда барлық салада бәріне бірдей мүмкіндік беретін нағыз әділ қоғам құруымыз керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіп жатыр. Бұл – еліміз үшін өте өзекті, қажет мәселе. Бірақ Тоқаевтың сөзінше, тоқмейілсіп отыруға болмайды.

Өкінішке қарай, жемқорлық – жұрттың санасына сіңіп, әбден әдетке айналып кеткен. Бұл – ащы болса да, шындық.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент өзінің жарлығыммен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылғанын, комиссияның міндеті шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару екенін қоса кетті.

Азаматтарымыз саяси қолдауға ие болған кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы. Оған қоса, олар байлықтарының қомақты бөлігін шетел асырып әкеткен. Халықтың ашуын түсінуге болады. Сондықтан менің Жарлығыммен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды. Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару. Бұл – өте күрделі жұмыс, ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі көптеген заңдық процедурадан өту керек. Бірақ біз қалай болса да, бұл мәселемен мұқият айналысуымыз қажет. Әйтпесе, әділетті қоғам туралы сөз қозғаудың өзі қиын болады, – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кәсіби заңгерлерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды. Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанда 300-ге жуық судья жетіспейді.

Біз барлық салада бәріне бірдей мүмкіндік беретін нағыз әділ қоғам құруымыз керек. Оның бір жолы – тәуелсіз сот жүйесі. Бабаларымыз «Тура биде туған жоқ деген» деген сөзді тегін айтқан жоқ. Біз қара қылды қақ жарған билер жолын жалғастыруға тиіспіз. Қазір елімізде үш жүзге жуық судья жетіспейді. Сол орындарға әділ, адал және білікті жастарды тартуымыз қажет. Мен мықты кәсіби заңгерлерді әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырамын.Президент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: