Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербургке келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ертең, 17 маусымда түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді. Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Ақорда.
Сонымен қатар Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.
Бөлісу
0
Толық оқу