ШҚО-да «Золотые пески» жағажайында құтқарушылар бекеті өз жұмысына кірісті

Самар жағалауындағы демалушылардың қауіпсіздігін екі апта cайын ауысып отыратын төрт сүңгуір мен үш өрт сөндіруші қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басты міндет – көл жағалауында орналасқан нысандарда судағы жазатайым оқиғалар мен өрттің алдын алу. Жыл сайын жазғы кезеңде ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген қызметке көшеді. Құтқарушылар қайықпен патрульдейді, ал өрт сөндірушілер – ұзақтығы шамамен 110 шақырым жағалау бойындағы демалушылар мен нысандар иелерінің өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын мониторингілеу жолымен жүргізеді. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Құтқарушылар бекеті жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқарушы құрал-жабдықтармен, оның ішінде арнайы сүңгуір кәстөмдерімен, жүзу құралдарымен және басқа да қажетті заттармен жабдықталып, өрт сөндіру көлігімен де қамсыздандырылған.
Шомылу маусымы басталар алдында Бұқтырма су қоймасының түбіне тексеру жүргізілді.
Бөлісу
0
Толық оқу