Колумбия Президенті екі күнге үйқамаққа алынды

Саясат Сурет: Twitter/Iván Duque
Колумбияның Магдалена департаментінің Жоғарғы соты Иван Дукеге қатысты осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, 2020 жылғы сот шешімін ел президенті елемеген. Оған сәйкес билік елдің солтүстігінде орналасқан Санта-Марта қаласының 500 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жүзеге асыруы керек еді.

Сондай-ақ, президентке айыппұл салынғаны айтылады.

Алдында маусымның басында Колумбияның Ибаге қаласының Жоғарғы соты осындай шешім шығарған болатын, бірақ ол кездегі қамауға алу уақыты бес күн деп белгіленген. Бірақ содан кейін оны Парламенттің шешімі арқылы ғана орындауға болатындығы белгілі болды, өйткені Дукенің президенттік иммунитеті бар.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз