«Dimash Qudaibergen» родендрон сұрыпы Нұр-Сұлтандағы Ботаника бағына беріледі

Димаш, Латвия, ботаника бағы Сурет: dimashnews.com
18 маусымда Babite Латвиялық паркінің «Қазақстан бұрышында» родендронның «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» жаңа сұрыптарының сертификаттары табыс етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Babite» латвиялық рододендрондар паркінің таңғажайып әдемі табиғаты аясында Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшілігінің өкілі Айнұр Ахметова мен парк басшылығының қатысуымен «Dimash Latvia Dears» фан-клубының кездесуі өтті. Кездесу осы жылы атап өтілетін екі ел арасындағы достықтың 30 жылдығына арналды. Бұл туралы Dimashnews.com сайты жазды.

Гүлденген рододендрондардың ортасында көптен күткен «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» сұрыптарының Британдық халықаралық тіркелімінің сертификаттары табыс етілді. Осы ерекше сорттардың пайда болу тарихы туралы аудио нұсқаулық пен гид-планшет ашылды.

Осы мерейтой жылында жеделдетілген әдіспен алынған «Dimash Qudaibergen» сортты рододендронның алғашқы сегіз эксклюзивті көшеттерінің тұсаукесері өтті. Екі көшет Латвияда қалады, үшеуі әртістің өзіне және үшеуі Қазақстан астанасының Ботаникалық бағына, Нұр–Сұлтан қаласына сыйға тартылады.

Іс-шара барысында Айнұр Ахметова Латвияның ең танымал тұлғалары Президент Эгилс Левитстен бастап, Ұлы Дала Еліне латыш тілінде өз тілектерін білдірген «Латвиялықтардан Қазақстанға» кітабының түрлі-түсті басылымын таныстырды.

Бұл басылымның даналары Қазақстан Республикасының Президенті мен Сыртқы істер министріне жіберілді. Сонымен қатар естелік кітап Димаштың отбасына беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз