Тоқаевқа Әлемдік діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысы баяндалды

ҚР президенті, ҚР парламенті сенаты Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев елордада 14-15 қыркүйек аралығында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық барысы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Форумға қатысушылар пандемиядан кейін адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессия көшбасшыларының рөлін талқылайды, – делінген хабарламада.

Съезге жоғары деңгейдегі діни және рухани көшбасшылар қатысады деп жоспарланған. Съезд хатшылығы форумды ұйымдастыру және мазмұны жағынан жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеп жатыр.

Мәулен Әшімбаев парламенттің VII шақырылымдағы 2-сессиясында сенат атқарған жұмыстардың қорытындысы жөнінде мәлімет берді. Қазіргі уақытта парламент 68 заңды қабылдап, мемлекет басшысына жолдады. Сенат депутаттары осы сессия барысында 18 заң жобасына бастамашы болған.

Мемлекет басшысына Конституциялық реформалар аясында заң шығару процедурасын оңтайландыру үдерісі жөнінде ақпарат берілді

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз