Жаңалықтар тізбегі
0

Ерболат Досаев: Алматыда LRT салынуы мүмкін

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2022 18:23 Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисте жеңіл рельсті трамвай (LRT) құрылысының келешегі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы ауданының тұрғыны қала әкімінен «Жоғары жылдамдықты заманауи трамвай желісін салу жобасынан бас тартып жатыр ма?» деп сұрады.

Қазір қаланың қаржы мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Жақында (LRT бойынша) шешім қабылдаймын.Алматы әкімі Ерболат Досаев

Қазір Төле би көшесінің бойындағы ескі трамвай желісінің қалдықтары көп жағдайда бөлшектелмеген, ал әкімдік жолды кеңейтуге әлі орын бермеген. Бұған дейін оны «Тастақ» базарының саудагерлері сұрап, сатып алушыларға көлік қоятын орынның жоқ екенін айтып шағымданған еді.

Базар иелері орын бөліссін (автотұрақ). Сауда алаңы аз болса, тұраққа да орын жететін еді. Олар жаңа павильонды жасағанда жалға алушыларды ойламаған. Мен қала жері есебінен тұраққа орын бермеймін. Базар автотұраққа өзі орын берсін.Ерболат Досаев

Бұған дейін Алматы LRT-сының ұзындығы 22,7 км, 70 платформа (35 аялдама), төрт минут қозғалыс аралығынан тұратыны айтылған. «Западный» автовокзалынан Төле би көшесі, Ескі алаң және Көк базарға баратын бағыт үшін 31 пойыз және резервке 5 пойыз сатып алу керек болды. Старая площадь пен Панфилов көшесінің бойында жоба бойынша желі контактісіз болып жобаланған, яғни LRT пойызы аккумулятормен жүретін болады.

LRT пойызының максималды жылдамдығы 50 км/сағ, коммерциялық жылдамдығы 21 км/сағ.

LRT құрылысы Досаевқа дейін әкім болып істеген мемлекеттік қызметкерлердің жоспары бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Жобаға қатысуға ниет білдірген бірнеше консорциумдар пулы анықталды. Бірақ олардың арасынан жеңімпаз таңдалған жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: