Аңызға айналған Юра аға: Димаш Юрий Шатуновпен түскен видеосын жариялады

Димаш Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген «Ласковый май» тобының солисі, әнші Юрий Шатуновпен бірге түскен видеосын жариялап, көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш қаралы хабар туралы тіпті не деп айтарын білмегенін жеткізді.

Сөз таба алмай отырмын... Бір сахнада әлі талай өнер көрсетеміз деп ойлап едім... Аты аңызға айналған ЮРА АҒА, жатқан жеріңіз жайлы болсын... «Детство» үшін рақмет...Димаш Құдайберген

Телевизиядағы бағдарламалардың бірінде Димаш Юрий Шатуновпен бірге қонақ болады. Сонда Димаш аты аңызға айналған әншіні Юра аға деп атайды.

Еске сала кетейік, кеше 23 маусым күні «Ласковый май» тобының солисі, әнші Юрий Шатунов қайтыс болды. Әнші 48 жасқа толған еді.

Сонымен қатар 22 маусымда тегі Камерундық ресейлік әнші Пьер Нарцисстің қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 45 жаста еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз