Аптап ыстық – Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға үндеу жолдады

Алматы, Төтенше жағдайлар департаменті, аптап ыстық Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 27 маусымда Алматыда күн +36°С-қа дейін ысиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар тұрғындарға ыстық ауа райы әсіресе, жүрек-қан тамыры ауруларымен, артериялық гипертензиямен ауыратындарға, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға қауіпті екенін ескертті.

Жаяу жүруден бас тартыңыз, дене шынықтыруға қатты әуестенбеңіз. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдаңыз. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі бақылауы керек. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн тиюден сақтану үшін жаяу жүруден бас тартуға шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз