Бір тәулікте 67 қазақстандық COVID-19 жұқтырған
Сурет: Zakon.kz
COVID-19 таратпау жөніндегі халықаралық ведомствоаралық комиссия 26 маусымда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Мәліметтерге сәйкес, инфекция жұқтырғанлар екі қала мен екі облыста анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 67 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 13,
Алматыда – 52,
Ақмола облысында – 1,
Қарағанды облысында – 1.
Елде барлығы 1 306 300 жағдай расталды.
Қазақстанда 12 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Оның бәрі Алматыда тіркелді. Елімізде барлығы 1 292 263 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
27 маусымдағы мәлімет бойынша, 436 адам коронавирус инфекциясынан (–374+ және 62 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 64 пациент стационарда, 372 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр .КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript