Жаңалықтар тізбегі
0

Әкім Маржықбаев Бурабайдағы демалушыларға өтініш айтты

Бурабай, Ақмола облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 18:10 Сурет: Zakon.kz
Демалушыларға таңертең жағажайда серуендеп, жағажайдың күйін көруді ұсынамын. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев брифингте туристерге осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Пандемия кезінде ішкі туризміміз қарқынды дамыды. Егер 2017-2018 жылдары бізге 500-600 мыңға жуық турист келсе, былтыр 950 мыңға жуық турист келді. Көрсететін қызметі мен бағасы әртүрлі 10 жақсы қонақүй бар. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев

Әкім жайлы демалыс үшін жергілікті атқарушы органдар бизнеске тиімді көптеген мәселелерді, соның ішінде инженерлік желілерді тарту мәсеселін шешіп жатқанын айтты.

Турист тарту үшін көру алаңдары да орнатылып жатыр, велосипед жолдары мен жарықтандырылған платформалар салынуда.

Жалпы біз туризмді дамыту жолында дұрыс бағытта келе жатырмыз деп есептейміз. Жыл сайын және әр жазда біз жазғы маусымға барынша дайындаламыз. Қоқыс контейнерлерін 1,5 есеге көбейттік, дәретханаға қатысты шағымдар болды, 13 үлкен санитарлық торап сатып алдық. Туристерге айтар өтінішім бар. Демалушыларға таңертең жағажайда серуендеп, жағажайдың күйін көруді ұсынамын. Ішкі мәдениет болмаса, ешбір мемлекеттік қызмет бұл міндетті атқара алмайды. Сондықтан, егер келсеңіз, қоқысты өзіңізбен бірге алып кеткеніңіз жөн. Немесе бүктеп, контейнерге тастаңыз. Ермек Маржықпаев

Брифинг барысында әкім туристердің логистикасы мен ыңғайлылығы үшін өткен жылы 232 жобаға жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеуге 38 миллиард теңге бөлініп, оның 172-сі аяқталғанын айтты.

800 шақырымға жуық облыстық және аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекендердің жол желісі жөнделді. 2022 жылы 1 мың шақырымға жуық жол желісін жақсарту жоспарланып отырғаны атап өтілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: