Жаңалықтар тізбегі
0

Азамат Бейісбеков ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2022 19:35 Сурет: primeminister.kz
Бұған дейін Бейісбеков ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

  • 2009-2011 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

  • 2011-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты.

  • 2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

  • 2015-2020 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі. 

  • 2020 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: