Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат қызғалдақ пен лотос жұлғаны үшін салынатын айыппұлды азайтуды сұрады

қызғалдақ, гүл, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2022 16:45 Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев заңмен қорғалатын қызғалдақ, лотос сияқты өсімдіктерді жұлғаны үшін тағайындалған жаза тым қатты деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды талқылау барысында мәжіліс депутаты «Қызыл кітапқа» енген кейбір өсімдіктерді жұлғаны үшін жазаны қайта қарау қажет екенін айтты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 335, 336-баптарында жаза өте қатал. Жабайы қызғалдақ пен лотос терген азаматтарымыз миллиондап айыппұл төлеп жатыр. Көп тұрғын бұл гүлдердің «Қызыл кітапқа» енгенін де білмейді. Мысалы, бірнеше жабайы қызғалдақ терген азамат ұсталды. Оған 8 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев

Депутаттың айтуынша, азаматтар осы айыппұлдарды төлеп, жабу үшін несие алып, тығырыққа тіреледі.

Осы орайда парламентарий қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысынан мұндай тұлғаларға жазаны жеңілдету қарастырылған-қарастырылмағанын сұрады.

Бұл жабайы қызғалдақ пен лотосты «Қызыл кітапқа» енген сирек өсімдіктер тізімінен шығаруға бола ма?Серік Ерубаев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бұл ұстаныммен бөліскен жоқ. Ол барлық азамат қоршаған ортаға зиянын тигізбей, оның қауіпсіздігіне қамқорлық жасау керек екенін алға тартты. Дегенмен министр айыппұл көлеміне қатысты мәселені жұмыс топтарында қарауға келісті.

ҚР Конституциясының 38-бабына сәйкес Қазақстанның барлық азаматы қоршаған ортаны сақтауға және оған ұқыпты қарауға міндетті. Санкцияларды қолдану тек құқықбұзушыларға ғана қарастырылған.Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: