Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда «Қошқар Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Маңғыстау облысы жайында, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2022 13:30 Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бұл туралы бүгін, 30-шы маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде облыстың экологиялық өзекті мәселесінің бірі - «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы. Қазіргі таңда қалдық қоймасын қалпына келтірудің I кезеңі бойынша 905 га жерге рекультивация жұмыстары жалғасуда. Тиісті қаражат республикалық бюджеттен қарастырылған.

Бүгінгі таңда 120 гектарға рекультивациялау жұмыстары жүргізілді және 40 гектар жерге қара сексеуіл отырғызу жұмыстары басталды. Жалпы жоспарланған жұмыстарды аяқтау арқылы 105 млн.тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 млн.тоннадай әлсіз радиоактивтік қалдықтарды көмуге мүмкіндік болады.

Маңғыстау облысының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2022 13:30

Сурет: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында құм тоқтату жұмыстары жалғасуда. 2021 жылы Үштаған, Тұщықұдық, Шебір, Сенек ауылдарында құм тоқтату жұмыстары толықтай аяқталып, жалпы 3 236 гектар жасыл желектер пайда болды.

Алдағы уақытта Жарма, Сауысқан және Сазды ауылдарын құм көшкінінен қорғау жұмыстары жалғасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: