Жаңалықтар тізбегі
0

Дауыл, жаңбыр, бұршақ. Жексенбіде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2022 17:31 Сурет: pixabay
3 шілдеде еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Қызылордада төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, батыстан, солтүстіктен, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз шаңды дауыл болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аймағында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні таулы аудандарда 15-20 м/с құрайды, күндіз облыста сынап бағаны 40 градус қатты ыстықты көрсетеді.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: