Алматыдағы шектеулер: вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді
Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы 4 шілдеде жаңа қаулы қабылдады. Онда COVID-19-ға қарсы әр 6 ай сайын вакцинация және ревакцинациялау қажеттілігі туралы тұрғындармен жұмыс жүргізу туралы айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz
Құжатта COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмысқа ауыстыру ескертілген.
COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдар да қашықтан жұмыс істеуге ауыстырылады.
Халық көп жиналатын жабық орындарда (сауда орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктер, кинотеатрлар, театрлар), қоғамдық көлікпен және метромен саяхаттаған кезде бетперде кию ұсынылады.
Тек 5 жасқа дейінгі балалар бұл міндеттен босатылады.
Қаулы 2022 жылғы 7 шілдеде сағат 00:00 бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript