Жаңалықтар тізбегі
0

Елге кіре алмай шекарада жатқан отандастарымыз видео үндеу жолдады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2022 21:40 Сурет: zakon.kz
Қазақ-өзбек шекарасындағы «Дәуіт ата-Тәжен» өткізу пунктінде 60-қа жуық отандасымыз төрт күннен бері елге өте алмай тұр. Олар көрші елге той-томалақ, садақа мен емделуге барыпты. Енді елге жете алмай көлікте түнеп жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан азаматы төрт күннен бері «Дәуіт ата-Тәжен» өткізу бекетінде қалып қойған. Шекарада жіпсіз байланғандар көлікте түнеп, тамағын да сонда ішіп жүр. Бірнеше күннен бері үй көрмей, азып-тозып кеттік дейді олар. Бірі көрші елге емге барса, енді бірі той-садақаға қатысып келе жатыр екен. Нүкістегі ереуілден кейін, шекара жабылып, отандастарымыз шарасыз күйге түскен, делінеді КТК жаңалықтарында.

Мына жерде әйел, балашаға бар. Денсаулығы нашар адамдар бар. Скорыйлар келіп хабар алып жатыр. Бізді осы Қазақстан азаматтарын өз еліне аштырып, Өзбекстанмен байланыс құрып, өткізуін сұраймыз. 60-тың үстінде адам бар. 16 жеңіл көлігі бар, 200 үстінде жүк көлігі бар фуралар. Постты 1 сағатқа ашса, Қазақстан азаматтарын өткізіп алса деген үмітпенен видео үндеу жасап отырмыз. Маңғыстау облысының тұрғыны Сәтбай Османов

Шекарада қалған азаматтарға Өзбекстандағы елшілік қызметкерлері көмек қолын созып, ас-ауқатын алып беріпті. Елге кіре алмай қалғандардың мәселесін Сыртқы Істер министрлігі де біледі. Қазір қос тарап келіссөздер жүргізіп, Қазақстан азаматтарын елге қайтару жағы талқыланып жатыр екен.

Бұл мәселе біздің Өзбекстандағы дипломаттарымыздың ерекше бақылауында. Қазіргі таңда біз өзбек тарапымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Келіссөздер өткізілуде. Біздің ойымызша жақын арада бұл мәселе шешілуі тиіс. Өздеріңіз білетіндей қазір бұл елде төтенше жағдай режимі енгізілген. Сондықтан кішкене қиындықтар туып жатыр. Жалпы біз азаматтармен байланыстамыз оларға үш мезгіл тамақ ұйымдастырылған.ҚР Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров

Шекарадағыларға енді қос тараптың ортасындағы келіссөздер аяқталғанша, күтуден басқа амал жоқ.

Айта кетсек, Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында 1 шілде күні жаппай ереуіл басталып, арты қақтығысқа ұласқан болатын. Жергілікті халық референдумдағы өзгерістерге қарсы шықты. Жаппай наразылық кезінде, ресми дерек бойынша 18 адам қаза тапқан. Осыған байланысты Өзбекстан президенті Қарақалпақстан аумағында 1-шілде мен 2-ші тамыз аралығында төтенше жағдай жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: