Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров 7 жылға сотталды
Сурет: Instagram/almas_abdygapparov
Кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаров бір миллион долларды жымқырды деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Былтыр 27 шілдеде Parmigiano Group басшысы Алмас Әбдіғаппаровтың екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. Ол алаяқтық жасады, бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді.
Әбдіғаппаров ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Кінәліге сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі көлемде иемдену немесе жымқыру, яғни ұрлау) бойынша қамауға алынды.
Еске сала кетейік, Parmigiano Group компаниясының басшысы Алмас Әбдіғаппаров екі айға қамауға алынған еді. Қалалық соттың баспасөз қызметі Әбдіғаппаровқа «сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті аса ірі көлемде заңсыз иемденді немесе жымқырды» деген күдікке ілінгенін түсіндірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript