Жаңалықтар тізбегі
0

Жақсылықов Тоқаевқа армия бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі жөнінде баяндады

ҚР президенті, ҚР Қорғаныс министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 13:03 Сурет: akorda.kz
Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысына Қорғаныс министрлігінің биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Руслан Жақсылықов Қасым-Жомарт Тоқаевқа армия бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта негізгі күш-жігер басқару органдары мен жеке құрамды дағдарыс жағдайы кезінде тиімді әрекет етуге, орталық және жергілікті билік органдарымен арадағы іс-қимылдарды үйлестіруге оқыту мәселесіне бағытталған, – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Президентке жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі, соның ішінде бірқатар ауқымды оқу-жаттығу жиынына қатысты екінші жартыжылдыққа жоспарланған шаралар туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар еліміздің сарбаздары халықаралық әскери ойындарға қатысады.

Қорғаныс министрі Арнаулы операцияларға қатысатын күштерді дамыту, оқ-дәрілердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің әлеуетін пайдалана отырып, армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техника түрлерімен жабдықтау, әскери инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ кездесуде сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскери қызметшілер арасында әлімжеттік әрекеттерді болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Президент Қарулы күштерді кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді қамтамасыз ету және олардың жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: