Жаңалықтар тізбегі
0

COVID-19: Қазақстанда жолаушылар тасымалына қатысты жаңа қаулы жарияланды

Жолаушылар тасымалы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2022 20:16 Сурет: Zakon.kz
Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігері "Көлік нысандарында коронавирус инфекциялары бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы" қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулы 2022 жылы 8 шілдеде сағат 0:00-ден бастап өз күшіне енеді.

Қабылданған құжаттарға сәйкес:

  • көлік құралдарындағы ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізу және желдеткіш сүзгілерді ауыстыруды;

  • арнайы көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуге жол бермеуді;

  • көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, салонды ылғалды жинау, бағдар аяқталғаннан кейін тұру кезінде жолаушылардың қолымен жанасуды жоққа шығармайтын еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды және өзге де беттерді дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;

  • ауысым (рейс, маршрут) аяқталғаннан кейін қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізуді; 

  • жеке қорғану құралдарының, қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорының болуды;

  • персоналдың жеке қорғану құралдарын (маскаларды), қолға арналған антисептиктерді міндетті түрде пайдалануды;

  • көлік құралында жолаушыларды коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы хабардар етуді және жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды) пайдалануды ұсынуды.

       Сондай-ақ халықаралық әуежайлардың, теміржол вокзалдарының, теңіз және өзен порттарының басшыларына мыналарды қамтамасыз етсу тапсырылды:

  • ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоспарлы профилактикалық жұмыс кестелеріне сәйкес желдету және ауаны баптау жүйелерін тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізуді;

  • жолаушылар болатын жерлерде жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ағымдағы және күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу, еденді, терезелерді, қабырғаларды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, орындықтарды, жолаушылардың қолдары жанасатын өзге де жерлерді дезинфекциялайтын сулықтармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүртуді;

  • барлық үй-жайларды тұрақты желдетуді;

  • жолаушылар мен келушілер болатын жерлерде (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатуды;

  • қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау, сондай-ақ сақталуын бақылауды;

  • персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, антисептиктер) және пайдалануын бақылауды;

       Мынадай талаптарды қамтамасыз ете отырып, изоляторы бар медициналық немесе денсаулық сақтау пунктінің жұмысын ұйымдастыру да міндеттелді:

  • тұрақты медперсоналдың болуын;

  • дезинфекциялық режимнің сақталуын;

  • дәрілік заттармен, медициналық жабдықтармен және медициналық бұйымдармен (термометрлермен, шпательмен, медициналық маскалармен және т. б.) қамтамасыз етілуін;

  • медициналық пункт қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етуді;

  • әуежай, вокзалдар қызметкерлерінің денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда жедел медициналық жәрдем келгенге дейін медициналық пункттің изоляторында орналастыруды;

  • жолаушыларға әуежайлардың, вокзалдардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің ғимараттарында, көлікпен жүру жолында жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды) пайдалануды ұсынуды;

  • жолаушыларды 60 минутта кемінде 1 рет радиотрансляция (дауыс зорайтқыш арқылы хабарлау) арқылы коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы хабардар етуді.

      

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: