Жаңалықтар тізбегі
0

Теңізде қаза тапқандардың несиесі төленеді

Теңізшевройл, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 21:00 Сурет: tengizchevroil.com
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Теңіз кенішіндегі апаттан зардап шеккендердің жағдайын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында апаттан зардап шеккендердің жағдайына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Конференцияға «Сенімді құрылыс» серіктестігінің өндірістік байланыстар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев қатысты.

Гүлмира Батпанова ең әуелі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, марқұм қызметкерлерді еске алуға компанияның қаржылай көмек көрсеткенін хабарлады.

Қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасын ұйымдастыруға 500 000 теңге көлемінде материалдық көмек бөлінді. Барлық қажет материалдық қолдау қолданыстағы заңнама аясында жүзеге асырылады. Қайтыс болғандардың несиесі болса, оны толықтай қайтарамыз. Балаларының білім алуына және дамуына барлық жағдай жасалады.«Сенімді құрылыс» кәсіпорнының өндірістік байланыстар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова

Гүлмира Батпанованың айтуынша, кен орнында құбырларды гидравликалық сынақтан өткізу жүйелі түрде жүргізіледі.

Мұндай қасіретпен бірінші рет бетпе-бет келіп отырмыз. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Ол аяқталғанша зауыттағы жұмыс тоқтатылды.«Сенімді құрылыс» кәсіпорнының өндірістік байланыстар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтің айтуынша, зардап шеккен бір қызметкер қазір облыстық ауруханада жатыр.

Оқиға кезінде жәбірленуші «Теңізшевройл» ЖШС-ға тиесілі ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ішкі ағзалардың жарақатын диагностикалау жүріп жатыр. Екінші жұмысшы Жылыой аудандық ауруханасына жеткізіліп, толық тексеруден өтті. 6 шілдеде қолхат бойынша үйіне шығарылды. Осыған қарамастан ол дәрігерлердің бақылауында. Үшінші зардап шегушіге кен орнындағы «ТШО клиникасы» емдеу мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетті. Ол бүгін үйіне жіберілді.Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев

6 шілде күні таңертең Атырау облысында Теңіз кен орнында жарылыс болып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: