Жаңалықтар тізбегі
0

Kyle Ruh ретінде танылған Ерік Төленов Қазақстан атынан «Славян базарына» қатысады

Ерік Төленов пен Дәурен Абаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2022 14:27 Сурет: ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі
«Витебскідегі Славян базары» XXXI халықаралық өнер фестивалінің «Витебск-2022» эстрада әншілерінің халықаралық байқауында әнші Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқауға барлығы 24 елдің өкілі қатысады. Ал фестиваль 13-18 шілде аралығында өтеді.

Қазақстан атынан әншілер жыл сайын фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатыр. Атап айтқанда Қазақстан атынан Димаш Құдайберген 2015 жылы, Әділхан Макин 2019 жылы, Рухия Байдүкенова 2021 жылы бас жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) та жүлдегер атанған.

ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл балалар байқауының қазылар алқасы құрамына халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов кіріп отыр. Бұған дейін фестивальдің қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Ерлан Көкеев, Толқын Забирова, Батырхан Шүкенов, Қарлығаш Әбдікәрімова, Қарлығаш Әжиева болса, Димаш Құдайберген «Витебск-2021» эстрада әншілерінің халықаралық байқауының қазылар алқасының ең жас мүшесі болды.

Фестиваль жалауын Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің әншісі, «Славян базары-2021» байқауының Гран-при иегері, «Дарын» жастар сыйлығының және «Шапағат» медалінің иегері Рухия Байдүкенова көтереді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: