Елдегі ерекше қажеттілігі бар адамдар саны мүгедектігі үшін жәрдемақы алушылардан 32% артық
2021 жылы елімізде 696,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 0,2% артық. Соның ішінде арасындағы балалар саны бір жылда 3,8% өсіп, 98,3 мыңға жетті. Мүгедектігі барлардың басым бөлігі Түркістан (97,6 мың адам), Қарағанды (67,8 мың адам) және Алматы (67,2 мың адам) облыстарында тұрады.
Ерекше қажеттілігі бар балалардың ең көп саны Түркістан (14,9 мың) және Алматы (9 мың) облыстарында, сонымен қатар Алматы қаласында (7,8 мың) тіркелді. Мұндай балалардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады: 2,2 мың адам, бір жыл бұрынғыдан 1,8% көп.
Бұл ретте мүгедектігі бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 2021 жылы жылына 0,9% өсіп, 529,9 мың адам болды. Анықтама үшін: 2020 жылы олардың саны 525,4 мың адам болды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 0,6% аз, – делінген Finprom.kz зерттеуінде.
2021 жылы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың басым бөлігі Түркістан (76,4 мың адам), Алматы (50,6 мың адам) және Қарағанды (49,6 мың адам) облыстарында, ең азы Батыс Қазақстан облысында (17,3 мың адам, 0,6% аз) тұрады.
Ерекше қажеттілігі бар адамдар саны мүгедектігі бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың санынан 31,5% артты.
Премьер-министрдің ресми сайты хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда мүгедектер үшін бейімделу мен қолжетімділіктің Бірыңғай ұлттық стандарты әзірленіп жатыр. Мемлекет басшысы мүгедектікті белгілеу тәртібін жеңілдетуді тапсырды. Биыл жыл басынан бері елімізде мүгедектікті қашықтықтан анықтау пилоттық жобасы кеңейтілді.