Жол-көлік оқиғасы кезінде сақтандыру төлемін енді сотқа жүгінбей-ақ алуға болады
Енді қазақстандықтар сақтандыру оқиғасын полицияның қатысуынсыз реттей алады және сақтандыру төлемдерін сотқа жүгінбей-ақ ала алады. Барлық үдеріс мобильді қосымша арқылы жүргізіледі.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин
Министр бұған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдануы ықпал еткенін атап өтті.
Алайда мынадай талаптар сақталуы қажет:
жол-көлік оқиғасында жәбірленушілер болмауы тиіс және тек екі көліктің қатысуы;
жол-көлік оқиғасына қатысқан автомобильдер ғана зақымдалған болуы тиіс;
жол-көлік оқиғасына жәбір көрген азамат мен кінәлі тұлға туралы ақпарат қолданыстағы полистерге жазылуы тиіс;
келтірілген залал сақтандыру төлемінің ең жоғары сомасынан аспауы тиіс;
жәбірленуші мен ЖКО кінәлі адам жол-патрульдік полиция қызметкерлерін шақырмай, жол-көлік оқиғасын рәсімдеуге және еурохаттамаға қол қоюға өзара келісуі тиіс.
Министрдің сөзінше, бұл жаңашылдық жүргізушілерге уақытын үнемдеуге және түрлі мекемелерді араламай-ақ мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақстандықтарға қолайлы және тиімді жағдай жасау үшін 2023 жылы еурохаттама бойынша рәсімдеу жүйесіне көшуге дайындық іс-шараларын жүргізіп жатыр.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин