Сауд Арабиясында маймыл шешегін жұқтырған адам тіркелді

медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 14:45 Сурет: pixabay
Сауд Арабиясында маймыл шешек жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Науқас басқа елден оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі 14 шілдеде тұрғындар арасынан маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау қызметтері науқас адаммен тығыз қарым-қатынаста болғандарды анықтай алды және олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауында.

Маймыл шешегі – аса қауіпті инфекциялар тобына жататын ауыр жұқпалы ауру.

Қазақстанда маймыл шешегіне күдік тудырған бірде-бір жағдай тіркелмеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: