Өскеменде компания есепшісі 13 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Өскемен, есепші, жемқорлық Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері 2020-2021 жылдар аралығында ЖШС есепшісі қызмет бабын пайдаланып, жалпы сомасы 13 млн 485 мың 062 теңгені заңсыз иемденгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іздестіру шаралары барысында 50 жастағы күдікті ұсталды. Ол кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі – «Басқаның сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл баптың санкцияларында мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз