Алматыда бетон араластыратын ауыр көліктің кесірінен жаппай жол апаты орын алды

Жол апаты Сурет: Zakon.kz
Апат орнында ұзын-сонар кептеліс пайда болды: кем дегенде 2 шақырымдық, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әл-Фараби даңғылы бойымен көліктер батыс бағытта ағылып жатқан. Toyota Corolla жүргізушісінің айтуынша, ол Мұстафин көшесіндегі жол айрығына жетіп қалған. Сол кезде жүргізуші қиық деген тежегіштің қатты дауысын естиді, артқы айнаға жалт қарап, бетон араластыратын ауыр көліктің өзіне төніп қалғанын байқайды, ол одан қашып оңға қарай алмақшы болады. Бірақ қозғала бергені сол еді, оған Lexus келіп соғылады, ал оны бетон араластырғыш ауыр көлік лақтырып жіберген.

Кептеліс

Сурет: Zakon.kz

Соқтығысқан Lexus тоқтамай, ары қарай қозғалып, Toyota Camry XV50-ді ұрады, ол өз кезегінде Toyota Camry XV40-қа барып соғылады.

Toyota Corolla

Сурет: Zakon.kz

Осылайша бетон араластыратын ауыр көліктің кесірінен 4 көлік бір-бірімен соқтығысып, ығы-жығы болып қалды.

Жаппай жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Lexus LX470-те бес жолаушы жарақат алды, барлығы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші денесі көгеріп, жеңіл жарақат алған. Жол апатына ұшыраған өзгелер де ауыр жарақат алған жоқ.

Жаппай жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Апат орнында ұзын-сонар кептеліс пайда болды: кем дегенде 2 шақырымдық.

Жаппай жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Жол полициясының қызметкерлері көліктерді сүйреп әкетті. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Жаппай жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Жаппай жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Жаппай жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз