Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде оқушылардың каникулы қысқартылуы мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі, каникул, оқу аптасы, оқушы, мектеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 16:40 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2022 – 2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 – 2023 оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 35 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 36 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда:

  • күзгі каникул – 7 күн (2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығында);

  • қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтар аралығында);

  • көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурыз аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпан аралығында).

Бұған қоса жазғы каникул күндерінің санын қысқарту ұсынылды.

Министрлік қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын ұлғайту бір күндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, «күрделі» тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамыта оқыту қағидаттарында ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту өткен оқу жылында білімнің бір бөлігін жоғалту тәуекелін, құқық бұзушылықтарды қысқартады, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттанушылығын төмендеті, делінген құжатта.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары бойынша 1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 34 оқу аптасы болған еді.

Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 2 тамызға дейін талқылау үшін жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: