Иранда 5,5 балдық жер сілкінісі орын алды

Төтенше жағдай Сурет: University of Utah Seismograph Stations
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы елдің оңтүстігінде, Хормозган провинциясының Бендер-Аббас қаласынан 101 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелгенін, ал оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru мәліметінше, жер сілкінісі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:07-де орын алды.

Екі минуттан кейін магнитудасы 5,3 болатын жер асты дүмпулері тіркелді. Бұл жолы ол Бендер-Аббастан 79 шақырым қашықтықта анықталды, ал оның ошағы 141 шақырым тереңдікте болды..

Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз