Жаңалықтар тізбегі
0

Нұр-Сұлтанда триатлоннан өткен Азия чемпионатында Қазақстан екі медаль ұтып алды

U23 және U19 спортшылары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2022 22:20 Сурет: Instagram/akimat_nur_sultan
Астанада U23 және U19 спортшылары арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл ауқымды спорттық іс-шара 2021 жылы жоспарланған болатын, алайда тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткізілмеген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кету керек, біздің елордамыз алғаш рет осы санатта чемпионатқа қатысушыларды қабылдады. Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Олардың арасында Жапония, Корея, Гонконг, Қытай, Қырғызстан бар, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қазақстан атынан 15 атлет өнер көрсетті, олардың арасында Дарын Қонысбаев та бар. Ол U23 санатындағы жүлдегерлердің тұғырында екінші орын алды.

Дарын Қонысбаевқа жарыс басталғаннан бәсекелес бола білген Гонконгтық Оскар Коггинс межеленген қашықтықты жоғары қарқынмен жүріп отырып, нәтижесінде үш кезеңді 1 сағат 51 минут 14 секундта аяқтады. Ал үшінші болып Қытайдың өкілі Цин Чен болды.

U23 санатында әйелдер арасында Жапон мен Қытайдан келген қатысушылар көш бастап тұрды. Бірінші орынды 2:10:26 есебімен жапониялық Изуми Икегучи иеленді. Ал Қытай командасының өкілдері Ван Вэй мен Цин Лин өздерінің қоржынына "күміс" пен "қола"салды.

U19 жарыстарында екі жапондық спортшы алға шықты: Мако Хиразуми - 1 орын және Манами Хияши – 2 орын. Ал" қоланы " Гонконг командасының спортшысы Шарлотта Холл еншіледі.

Жігіттерде де Жапон елінің өкілдері  жеңіске жетті: онда Ему Омуро мен Такуто Осима бірінші және екінші орындарды иеленді. Жүлдегерлер қатарында қазақстандық спортшы Егор Крупяков та бар.Бөлісу

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: